Республиканский социально-благотворительный
проект, призванный увековечить память
о героях Великой Отечественной войны.
Рус  /  Қаз

Помни о победе каждый день

Ол Отанды жаудан қорғады, елі үшін еңбек етті!

Вести из ветеранских орг.
Ол Отанды жаудан қорғады, елі үшін еңбек етті!

Медицина қызметкері Любовь Колесник кәмелет жасқа жеткенде танымал Жуков басқарған 1–ші Белорус майданына түседі. Онда оны жеңіл жарақат алғандарға дәрігерлік көмек көрсету үшін, дала госпиталына жөнелтіледі. Соғыстан шеткері маңдағы дала госпиталының жұмысы жеңіл болып көрінгенімен, дәрі дәрмектің, жараланғандарды жатқызатын орындардың жетіспеушілігі, отын судың тапшылығы, кейде ауыр жараланған жауынгерлерді санитарлық поезға тиеп жіберуі оңай болмағаны анық. Алайда әскери қызметкердің отбасында туылған Любаға қиыншылыққа төзу ауыр соқпады. Тек сәт сайын тұтқиылдан жасалған әуе шабуылынан жаралыларға демеу болу өліп тірілгенмен бірдей болатын. Германияның Ной-Репен қалашығында госпиталь секілді санчастьтің болғаны болмаса, Белоруссия, Польшаның ми батпақ ішінде далалық госпиталдың қағылған қазығы, неміс фашистерін алға қарай адым бастырмай келген. Қызыл армияның соңына ілесіп, жаралыларға жәрдем көрсеткен ауыр жұмыстары әлі күнге дейін көз алдында.

Соғыс өрті сөнгелі міне 75 жыл өтті, жауынгердің есінен көп нәрсе ұмытыла бастапты. Алайда бір оқиғаны ұмыту мүмкін емес, деді Любовь әжей. Ауыр жаралыларды эшалонға мінгізуге апара жатқанда, қардай бораған әуе шабуылының жанында келе жатқан Полина есімді дәрігер досы әрі құрдасы көз алдында бомбаға жарылып өлді. Сонда араша болар шара таба алмау, қиынның қиыны екен- деп аяқтаған майдангер әжейдің жыламсыраған кейпіне бізде де жұбатар шара таба алмай үнсіз қалдық. Елге әскери капитан шенінде жеңіспен оралған Любовь Сергейқызы, теміржол емханасы жұмысқа орналасады. Теміржолшы Николай Севестьянұлымен бас қосады. Жеңістің солдатынан екі ұл бір қыз тарайды.

Любовь Колесник Отанды жаудан қорғады, елі үшін еңбек етті. Аймақ теміржолының өркендеуіне атсалысып, өзіндік үлесін қосты. Отбасы мен Отанының игілігін арттыру үшін тер төкті. Егде тартқан шағында айналасына шуағын төгіп, бала мен немерелерінің шаттығына бөленуде. Міне майдангер осы үшін бақытты.