Республиканский социально-благотворительный
проект, призванный увековечить память
о героях Великой Отечественной войны.
Рус  /  Қаз

Помни о победе каждый день

Кебінсіз берілген боздақтар бар

Вести из ветеранских орг.
Кебінсіз берілген боздақтар бар

"Кебінсіз берілген боздақтар бар", -деп бастады әңгіме­нің басын, бүгінде жасы тоқсаннан асқан қария Төлеген Жүнісо­в.

Әскери шені кіші сержант болған - Төлеген Жүнісов, неміс басқыншыларымен кескілескен қан майданды Украина жерінен бастаған. Украинаның Прискуров, Тернополь, Львов маңында шайқасқан. Соғысты жаяу әскер құрамында өткізген майдангер, әрі қарай Харковь қаласын азат етуге қатысқан. Германияның Беловодер,Телтоп, Сендомр қалаларында соғысып, Берлин қаласына жеткен.

Соғыстың қызып тұрған кезі. Біз жаумен атысып жатқанда жаудың екі «Тигр» танкісі келе жатқанын байқап, қолыма гранатаны алып, қазулы жатқан траншеяға жасырынып үлгірдім. Соғыс қимылына жақсы жарақталған, люк арқылы алды артын жақсы бақылай алатын бұл танктің танкисі. Мен тығылған траншеяның үстіне келіп шыр айнала бастады. Алайда танк бір айналғанда қашып үлгірдім. Мен жасырынған жерді жаншылап жатқанда, артынан келіп гранатаны лақтырып, танкіні жарып жібердім, деді төсіндегі «1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденденді дірілдеген қолымен ұстаған майдангер қария.

18 жасымнан бастап соғысқа қатыстым. Осы жастан бастап адам қанын төгуге мәжбүр болдым. Мен жау жауынгердің қанын төктім. Ал оны өлтірмесем, ол мені өлтіреді. Жау дегенменде ол да адам баласы ғой. Адам қанын төгу оңай емес, Отан үшін отқа түстім.Түскен отымыз бізді жаудан қорғап қалды, бірақ.... талай боздақтар кебінмен емес, кебенекпен көмілді, тіпті қайсы бірін айта берейін қарақтарым. Қазір осы жайлар мені қатты толғандырады, иә ертең Құдай алдына барғанда не деп жауап берер екенмін деп, алдымызда отырған жаны күзелген қарияны көргенде қалай жұбатарымызды да білмедік. Жаяу іскер сапындағы қан майданда қан кешіп, өткізген күндерін еске осылай алды.