Республиканский социально-благотворительный
проект, призванный увековечить память
о героях Великой Отечественной войны.
Рус  /  Қаз

Помни о победе каждый день

Конкурс "Мой Герой"- Салыбек Арайлым

Новости проекта
Конкурс

Қай халықтың да қадір тұтары-өзінің сөзін сөйлеп,кегін қуар ақыны мен батыры.Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың,сана мен сабырдың,тәуекел мен арманның түлегі.Екеуі де жұртын елдікке бастаса,қайсыбір жұмырбасты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке,кемел кісілікке бастары хақ.Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес,ең алдымен кең толғап,кемсіз бітер кемеңгер ақылдың көрінісі.Ал осы қас қасиетте бір басына сиып,бағына біткен өз жүрегімдегі ел батыры,нағашы бабам – Даулетов Рахым Даулетұлы.Ер есімі - мәңгілік ел есінде,біреуін жақынынан,біреуін жанынан айырған,қайғы мен қасіретке толы сұрапыл соғыстың куәсі болып,балауса бал шағында қанша қиындықты басынан кешірді,мойын сұнды,ел намысын бермеді.

Менің бабам отбасындағы жалғыз ұл болды,сондықтан Даулет ата ол кісінің соғысқа аттағанын қаламады,бірақ бабамды жүрекасты әрбір батырды желпіндірер халық басындағы тасқын күш,толағай тағдыр бейқам қалдырмағаны анық.Алашты артына ертер ер болу да,халқың аузыңа қарар ақын болу да,заманның зарын көтерер ұл болу да,ең алдымен сол ел қамына,болашағына теңселе тебіренген терең ойлы азамат болу екендігін көрсетеді.Менің жүрегіме мақтаныш пен махаббат сезімін ұялатып,өз елім мен туған жеріме деген шексіз сүйіспеншілікті сыйлайтын Рахым ата ерліктері ерекше.Мың сан жау қамалында қалып,асқан шеберлігі мен қайсар - қайтпас мінезінің арқасында өз қарамағындағы жауынгерлерді құтқарып қалды,марапат пен мақтауға ие болды,Мәскеу алаңында екі жәрежелі «ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ»,«Победа над Японией» және «Соғысқа 40-50 жыл» ордендерінің иегері.Сол бір атамның оқиғаларының батырға тән қаһармандықты ту ете білген,алашты алға жетелеген сарынмен еске түсетіні- Петербург шатқалындағы кез.1942 жыл,қателеспесем,жаз айының бірі болуы тиіс,бабам жас пулетметшілер гвардиясының қолбасшысы,мұндай дәрежеге ие болған алғаш қазақ баласы,өз тобымен бірге жау қамалында қалып қояды,жолдас жауынгерлері 2 күн бойы аш,тіпті су да жоқ,ал бала кезінен бірге өскен жан досы Абай қатты жаралы,тез арада көмек көрсетілмесе,қыл үстінде,паналаған жерлерінен жейдесінің ұшы көрінсе аман қалмасы анық,Аристотель өзінің бір еңбегінде: «Ерлік аяулы қасиет соның арқасында адамдар қауіп қатер үстінде тамаша істер істейді»,- дейді,қандас бауырының өмірін аман сақтап қалу үшін Рахым баба арнайы жоспарланған түрде жау жерінен қашуды ұйымдастырады,күн шығып таң енді ғана ата бастағанда айналадан неміс жауынгерінің өлі денесін көреді,оның киімін өзі киіп,жауға байқалмай жақтас бетке өтеді,алайда ол батальон тым алыс және көмек көрсете алуы да белгісіз.Осы уақытта неміс жауынгерлері жасақтаушы шепке жиналып,соғыс қимылдарын талқыламақ болады,бұл жиында Рахым баба жау көтеріліс аймақтармен таныс болып,қалай екені белгісіз туған жерге аман оралып,мыңдаған жандардың өмірін сақтап қалған деседі.Алайда өмірінің соңына дейін Абай досын аузынан тастамаған екен.Міне,соғыс қалаусыз құрбандықтарды талап еткені рас.Келер ұрпақтың ашық аспан мен тәуелсіз таңы үшін күрескен әрбір жан біз үшін қымбат,әрдайым жадымызда.Ал бүгінде «қазақ» деп соққан жүрегі бар,«туған жерім» деп бастар тілегім бар,«ұлы далам» деп жырлар әні бар, мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары аман болайық, еліміз тыныш болсын,әрбір атқан таңның қадірін білейік.


Вы можете проголосовать за этого автора в группе Конкурс "Мой Герой"- ГОЛОСОВАНИЕ в ВКонтакте

Голосование продлится до 20 августа