Республиканский социально-благотворительный
проект, призванный увековечить память
о героях Великой Отечественной войны.
Рус  /  Қаз

Помни о победе каждый день

Конкурс "Мой Герой"- Раисова Жанагуль

Новости проекта
Конкурс

72 жыл мерейтой,Жеңіс күнін тойлаймыз,

Қайран атам осы тойға жетпедің.

Бір жыл,бір ай, шыдағанда, шіркін-ай,

Тойлар едік, аташымның Жеңісін.

Осы жырды саған ғана арнаймын,

Сұм соғыстың азабын тарты қиналдың.

От пен оқтың ішінде бірге алысып,

Қаншама сен, құрдастардан айрылдың.

Варшава,Прага,Будапеште соғысып,

Берлинді азат етіп еліне

Жеңіспенен, құрметпенен оралып,

Жерлестерің, туғандарың қуанды.

Шаңырақ құрып, киелі Торғай жерінде,

Еңбек етіп,-еңбек ардагері атандың.

Жеті бала тәрбиесін бөлісіп,

Ұлды ұяға,қызды қияға қондырдың.

Бала шаға, немере, жиен өсіріп,

Ерлігіңді қуанышпен қолдаймыз.

Естелік боп қалды мәңгі жадымызда,

Атамыздың ерлік еткен істері.

Соғыстағы еңбектерін, ерліктерін ескеріп,

Елбасының қолын қойған ордермен.

Астананың Кенесары көшесінің төрінен,

Баспана алып, бәрімізді қуанттың.

Елбасындай көсемі бар еліме,

Алғыс айтам, сол кездегі ісіне

Ардагерлер азайып бара жатыр,

Қолда бардың қадірін да алайық.

Жас ұрпаққа аташымның ерлігі,

Мәңгі есте сақталады тілегі.

Тоғызыншы мамыр мерекесін біздермен,

Бірге тойлап, жасап қалады әжешім.

О, халайық, сұм соғыс енді қайтып ,болмасын,

Еліміздің әрбір таңы, арайлы атып жайнасын

Жер бетінде сәбилердің күлкісі сыңғырлап,

Елімізде- бейбіт өмір орнасын

Вы можете проголосовать за этого автора в группе Конкурс "Мой Герой"- ГОЛОСОВАНИЕ в ВКонтакте

Голосование продлится до 20 августа